Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

География пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту

 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ 2020жылғы оқу жоспарына сәйкес 22.06-03.07 аралығында    «География пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы қазақ және орыс тілдерінде орта білім беру ұйымдарының география  пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы онлайн режимінде өткізілуде.

Тыңдаушылардың қатысуымен курс барысында география пәні бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны мен құрылымын, оқу материалдарын жоспарлауды, картамен, графикалармен т.б. географиялық объектілермен жұмыс мазмұнын анықтау арқылы әдістемелік  жұмыстар жүргізілуде.

Дәрістің  тақырыбы: География сабағында ендікпен бойлықтың градустық өлшемін, ендіктермен меридиандарды, жазықтық пен қималарын, географиялық обьектілердің (таулардың биіктігі, ойпаттың тереңдігі жәнет.б.) сандық сипаттамаларын табу, сарамандық  жұмыстар өткізу.

Дәрістің мақсаты: География сабағында ендік пен бойлықтың градустық өлшемін,параллельдер мен меридиандардың анықтамасын, жазықтық қималарын, географиялық обьектілердің сандық сипаттамаларын табу, сарамандық жұмыс өткізу.

Міндеттері:

  1. География сабағында ендік пен бойлықтың градустық өлшемін, параллельдер мен меридиандарды, жазықтық қималарын, географиялық обьектілердің ( таулардың биіктігі, ойпаттың тереңдігі және т.б.) сандық сипаттамаларын табу жолдарына есептер беру.
  2. Сарамандық жұмыс өткізу жолдарымен таныстыру.

Курс барысында дәрісті жүргізген «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы С.Әлімбетова  география  сабағында ендік пен бойлықтың градустық өлшемін, параллельдер мен меридиандарды, жазықтық қималарын, инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын тәжірбиелік жұмыстарына қолдануды және практикалық жұмыстарды талқылап, жаңаша идеялармен сабақ барысында қолдану әдістерін көрсетті.

 

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы С.Әлімбетова