Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін бесінші сыныптан оқытудың мазмұны мен әдістемесі

 

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде жаһандық өзгерістер болды: бұрынғы құндылық басымдықтары, мақсатты ұстанымдары және педагогикалық құралдар қайта қаралды. Қазіргі заманғы мектеп білім алушыларда кең ғылыми ой-өрісін, жалпы мәдени мүдделерін қалыптастыруға, жалпыадамзаттық құндылықтардың басымдықтарын санада бекітуге бағытталған. Сондықтан қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі — әрбір баланың жеке дамуына қажетті және толыққанды жағдай жасау және оның белсенді позициясын қалыптастыру. Осыған байланысты қазіргі уақытта оқытудың жобалық және зерттеу әдістері кеңінен танымал болды.

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ 2020жылғы оқу жоспарына сәйкес 22 маусымынан «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін бесінші сыныптан оқытудың мазмұны мен әдістемесі» тақырыбындағы қазақ және орыс тілдерінде орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы онлайн режимінде өткізілуде.
Тыңдаушылардың қатысуымен курс барысында «Информатиканы оқытуда оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру»  тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Мақсаты: Информатиканы оқытуда оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша информатика мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Міндеттері:

— Оқыту мен оқытуда жобалар әдісін қолдану бойынша тыңдаушылардың білімін жүйелеу.

—   Информатика сабақтарында жобалық қызметті ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктерін қарастыру.

Курс барысында дәрісті жүргізген «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Б.Сугирова Информатиканы оқытуда оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыру мәселелеріне толық тоқталып, оны дайындау барысында принциптерін, жобаларға қойылатын талаптарын, және осының негізінде оқушылардың қажеттіліктерін, бейімділігін, қызығушылығын барынша қанағаттандыратын жобаның түрін таңдау қажеттігін көрсетті.

Жалпы онлайн түрінде оқыту сабақтары өзіндік ерекше мүмкіншіліктерімен мұғалімдердің өзіндік дербес кемелденуі және кәсіби құзыреттіліктерінің шыңдалуына көмегі тиетіні.

grgrhggethet

                                                                                                                 «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Б.Сугирова