Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Онкологиялық аурулардың профилактикасы бойынша семинар

2020 жылдың 26 маусымында «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушылары мен Шымкент қаласы және облысымыздағы  жалпы орта білім беретін мектептердің педагог-психологтарының қатысуымен «Педагогтер үшін онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша Еуропалық кодекстің ұсынымдарын зерделеу» тақырыбында онлайн-семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарындағы Еуропалық онкологиялық ауруларға қарсы күрес кодексінің ұсынымдарын түсіндіру.

Олайн режимінде ұйымдастырылған семинарға 50 педагог-психолог қатысты. Кафедра аға оқытушысы Г.Имашева өз баяндамасында педагогтердің қызметіндегі «кәсіби күйреу» синдромының пайда болу себептері мен оны болдырмау амалдарын атап,  Қазақстан Республикасында онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған кешенді жоспарының 4 бағытын және Қазақстан Республикасының халқына онкологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты оның жалпы ережелері, көмек көрсетуді ұйымдастыру тәртіптерін түсіндірді. Іс-шара барысында Ж.Райымкулова, Н.Исманова, Г.Туранова, А.Борыкбаева бұл кешенді жоспардың дер кезінде жасақталғанын оның адамдарға қажет екенін талдады.

Семинар соңында кері байланыста қатысушылар маңызды ақпарат алғаны жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы Г. Имашева