Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Абай – ұлы ақын, дана ойшыл

2020 жылдың 18 маусымында «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының жылдық жұмыс жоспарына сай қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, ойшыл, дара тұлға А.Құнанбаевтың 175 жылдық мерекесіне орай кафедраның аға оқытушысы С.О.Жолшыбекова Zoom бағдарламасы арқылы «Абай – ұлы ақын, дана ойшыл» тақырыбында облыстық дөңгелек үстелді қашықтықтан оқыту on-line режиімінде ұйымдастырды.

Іс-шараға Төлеби, Жетісай, Мақтарал аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты — Ұлы Абай шығармаларын өмірмен байланыстырып талқылау, нақыл сөздерін, философиялық ой-толғауларын, даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар ұлы дана, ойшыл ақын Абай Құнанбайұлының философиясы, ұлы Абайдың шығармаларын өмірмен байланыстыру, дара тұлға Абайға берілген баға туралы, сонымен қатар, Абай шығармаларын оқыту бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шара соңында қатысушылар дөңгелек үстелдің мазмұнды және тәжірибелік деңгейде өткізілгенін  атап ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.