Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Мультимедиялық таныстырылымдар білім беру тәжірибесінің қоры ретінде» әдістемелік онлайн-кеңес

18.06.2020 жылы «Өрлеу» БАҰО «АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының жоспарына сәйкес ZOOM платформасында жалпы білім беретін орта мектеп  мұғалімдеріне арналған «Мультимедиялық таныстырылымдар білім беру тәжірибесінің қоры ретінде» тақырыбында мультимедиялық таныстырылымдар жасау бойынша әдістемелік онлайн-кеңес өткізілді.

Мақсаты: белсенді педагогикалық қарым-қатынас барысында қатысушылардың кәсіби шеберлігін, мультимедиялық презентацияны жасау кезінде педагогтың медиакомпоненттілігінің деңгейін арттыру, қашықтықтан оқыту жағдайында оқу үрдісінде осы қызмет түрін қолдануды жетілдіру.

Іс-шараны ұйымдастырушылар педагог-қатысушыларды орта білім беру пәндері бойынша мультимедиалық таныстырылымдарды әзірлеу мен рәсімдеуге қойылатын негізгі қағидалармен, талаптармен таныстырды. Дамыту процесінде мультимедиялық таныстырылымдарды ескерте отырып, ауыл мектептерінде жүзеге асыру бойынша қатысушылармен кері байланыс орнатты. Кентау қаласы, №22 М.Әуезов атындағы мектеп-гимназияның физика пәні мұғалімі Алиярова Лаура мұндай мультимедиялық таныстырылымдардың оқытудың дәстүрлі әдістерімен үйлесімді, жүйелі түрде пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту бойынша жұмыстың тиімділігі артатынын  айтты.

Онлайн-кездесу соңында тренерлер мұғалімдерге таныстырылымдар жасауда табыс тілеп, заманауи сандық білім беру технологиялары мен әдістемелерін қолдану бойынша тәжірибені таратуға шақырды, өйткені енгізілген мультимедиялық ресурстар білім беру ұйымдарында бірыңғай ақпараттық-білім беру дамыту ортасын құруға үлкен мүмкіндік береді.

 

Кафедра аға оқытушысы Батькаева Г.А.