Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Шебер — сынып: «Мұғалім жұмысында Google сервистерін қолдану әдісі»

2020 жылдың 18 маусымында «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Батькаева Г.А. білім беру ұйымдарының педагогтері үшін онлайн режимде «Мұғалім жұмысында Google сервистерін қолдану әдісі «тақырыбында шебер — сынып өткізді.

Мақсаты: пән мұғалімінің тәжірибеде Google сервистері аясында терең түсінік қалыптастыру және пайдаланудың тиімді жолдарын қарастыру.

Оқу үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік беретін көрнекі кері байланысты уақытында қамтамасыз етуге бағытталған, әріптестердің Google Forms онлайн-сервисінде жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында тренер білім беру қауымдастығында жиі қолданылатын   Google сервистері жайлы мағлұматтар берді. Сонымен қатар, Google Calendar-онлайн күнтізбе, Google Docs — онлайн кеңсе, Gmail — тегін электрондық пошта, Google Maps — карталар жиынтығы, Google Sites — Вик-технологияны пайдаланатын тегін хостинг, Google Translate — аудармашы, YouTube — бейнехостинг, Google Forms — тесттер, сауалнамалар, викториналарды тәжірибе үдерісінде пайдаланудың тиімді жолдарын көрсетті.

Шеберлік сыныптың практикалық құндылығы сабақтың түрлі кезеңдерінде қолдануға болатын онлайн тесттерді құру болды. «Google Forms » сервисі- бұл кері байланысты қамтамасыз ететін құрал.

Қатысушылар оның көмегімен оқу қызметін бақылау, білім беру процесіне қатысушылардың сұраныстарын анықтау бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыруға, бір-бірінен қашықтан жұмыс істеуге, білім беру процесінің тиімділігін арттыру үшін әдістемелік жинақтар құруға болатынын атап өтті.