Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алуда ата-аналар мен педагогтарға кеңес

Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жан-дүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Сонымен қатар, қолдау көрсететін түрлі мекемелер де жеткілікті. Солардың көмегіне жүгініп, өмірімізге қажетті нәр ала білсек, бұл проблеманы еңсере алатынымыз күмәнсіз.

«Психологиялық кеңес айдары». Нурходжаева Багила Сагиндыковнаның «Жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алуда атааналар мен педагогтарға кеңес» тақырыбындағы кеңесін ұсынамыз.

Суицид көпшілік жағдайда аяқ астынан болмайды, суицидке баратын адамдардың ¾-і өз ойы туралы қандай болмасын жолмен ашуға тырысады, әрекетке бармас бұрын олар дәрігерге, психологқа, мұғалімге, әлеуметтік қызмет маманына және т.б. адамдарға барады. Себебі олар өз ойын айтуға және біреудің ішкі жанайқайын тыңдағанды қалайды, бірақ өкінішке орай оларды тыңдауға уақыт болмайды.

Жасөспірімдер депрессиясының алдын алудағы ата-ана міндеті Жағымды сипатта әңгімелесе отырып, баланың жағдайын сұрау; Түрлі сұрақтар қоя отырып, болашаққа жоспар құруға көмектесу; Балаңызды жаңа істерге жетелеу; Үйдегі міндеттерді орындаудың жаңа тәсілдерін ойлап табу; Баланың күн тәртібін қадағалау; Үнемі қозғалыстағы спорт түрлеріне қатыстыру; Маманның–психологтың, психотерапевтің кеңесіне жүгіну. Балаларда суицид болмас үшін мұғалімдер жасайтын іс-әрекет Баланың өз күші мен мүмкіндігіне сендіру; Белсенділігін арттыру; Түсіністік және жанашырлық таныту; Баланың тәртібін қадағалау, оның өз қатарындағылармен қарым-қатынасын сараптау; Мектеп әкімшілігінің мұғалімдер мен оқушы арасындағы қарым-қатынас стилін қадағалап, мән беріп отыруы; Шығыста «Бір күндігіңді ойласаң, күріш ек, он жылдығыңды ойласаң ағаш ек, жүз жылдығыңды ойласаң, ұрпағыңа жақсы тәлім – тәрбие бер», деген қағида бар. Егер әрбір балаға жастайынан жақсы тәрбие беріп стереотипке бой алдырмай, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, мұндай қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәміл. Бұл ретте баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт-бағдар беруіміз керек

“Біздің ӨМІРІМІЗ – біздің ЕҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗ!”

Адамға ӨМІР бір-ақ рет беріледі және бұл мүмкін болатын нәрсенің БӘРІНЕН ҚЫМБАТ!

Сынып жетекшілер сынып сағаттарында балалардың өмірге деген қызығушылығын, құлшынысын арттыратын «Мен өмірді таңдаймын», «Өмір құндылықтары», «Өмір неткен ғажап», «Өмірім — менің таңдауым», «Өмір қымбат –сый», «Өмір, сен маған қымбатсың» т.б. тәрбие сағаттарын өткізу қажет.

Қалай десек те, тілге тиек етіп отырған бұл проблеманың себебі өте көп. Дегенмен, мұсылман баласы үшін өзіңе-өзің қол жұмсау ауыр күнә. Өз өмірін қию – аманатқа жасалған қиянат. Әрбір қиындықтан кейін, жеңілдіктің келетінін, жамандықтан кейін жақсылықтың келетінін, жеңілістен кейін жеңістің келетінін, қайғыдан кейін қуаныш пен шаттықтың келетінін түсіне білсек, басқаларға жеткізіп түсіндіре білсек әр адамда ертеңге деген сенім күшейеді. Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ.

«Білім беру процесін педагогикалық – психологиялық

сүйемелдеу» кафедрасы