Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«ӨРЛЕУ» тренерімен online кездесу» айдары

2020 жылдың 17 маусымында институт тренері  Г.Д.Есентуреева жалпы орта білім беретін мектептердің пән мұғалімдері үшін  «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық байқауының өңірлік кезеңі қатысушыларына online режимінде кеңес өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға кафедра меңгерушісі  М.О.Мусабеков, аға оқытушылары С.А.Шитыбаев, Г.Д.Есентуреева, К.А.Таскараева  байқау ережесі туралы ой-пікірлерін жеткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Оnline кеңес мақсаты:

Біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау мен тарату, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізілетін  Республикалық конкурсты насихаттау, қатысушыларды конкурс Ережесімен таныстыру және талқылау.

Оn-line режимінде ұйымдастырылған іс-шараға  облыс пен қаланың жалпы орта білім беретін мектептерінің  20 пән мұғалімдері қатысып, конкурс мақсаты мен міндеттері, қатысу тәртібі, бағыты, өткізілетін  бейнематериалдардың  мазмұны мен түрлері, бағалау критерийлерімен және өтінім беру жолдарымен, яғни конкурс Ережесімен толық таныстырылды.

Іс-шара барысында қатысушыларға кафедра меңгерушісі п.ғ.к доцент М.О.Мусабеков,  х.ғ.к  доцент С.А.Шитыбаев, а.ш.ғ.к Г.Д.Есентуреева, аға оқытушы  К.А.Таскараева  конкурс Ережесі туралы ой-пікірлерін жеткізіп, сұрақтарға жауап берді.

Өткізілген кеңес қорытындысы бойынша ұсыныстар:

  • бейне-дәріс немесе бейне-сабақ түсірілімі барысында педагогикалық идеяның өзектілігіне, әдістемелік құндылығына, оқыту сапасына аса назар аудару;
  • түсірілім барысында педагогтың жеке қасиеттерді ұстануына, көрнекілік қатар мен дауыспен сүйемелдеу сапасынада аса назар аудару қажет.

Конкурс Ережесі мен бейнежазбаларының электорнды нұсқасын  orleu-uko.kz сайтынан жүктеп алу ұсынылды, қатысушылар әдістемелік іс-шара мазмұнды  өткенін атап көрсетіп, ұйымдастырушыларға  алғыстарын білдірді.