Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Әдістемелік кеңес

2020 жылдың 16 маусым күні «Өрлеу» БАҰО»  акционерлік қоғамының  филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының жоспарына сай  «Интернет-платформасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына тест тапсырмаларын ұсыну жолдары» тақырыбында ауыл  мектептеріндегі  бастауыш сынып мұғалімдеріне   онлайн форматында  әдістемелік кеңес ұйымдастырылды.

Іс шараның мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына тест тапсырмаларын  құрастыру барысында «Google forms»  онлайн-сервисін  тиімді қолдану, бастауыш сынып мұғалімдерінің АКТ құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Кеңеске Түркістан облысы, Арыс  қалалық білім бөлімдеріне қарасты бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жалпы саны 20 педагог қамтылды.

Кеңес барысында «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы  Г.О.Орынбасарова «Google forms»    пайдалану арқылы тест тапсырмаларын ұсыну  жолдары  туралы  ақпараттар ұсынды.

    Талқылауға қатысқан  мұғалімдер ауыл жағдайында интернет желісін қолдануда кездесетін қиыншылықтарымен бөлісіп және олардан шығу  жолдарын қарастырды.

Іс шара соныңда қатысушылар «Google forms» онлайн-сервисінің    қашықтықтан оқыту жағдайында қолдануға  тиімді екенің мақұлдады және  бүгінгі іс шарадан алған әсерлерін айтты.

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының тренері Г.О.Орынбасарова