Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС

2020 жылдың 16 маусымда «Google forms» онлайн-сервисі арқылы «Бастауыш сынып оқушыларына тест жұмыстарын тиімді жолмен ұсыну» тақырыбында ауыл мектептеріндегі мұғалімдердің қашықтықтан оқыту жағдайында тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру мақсатында Түркістан облысы, Арыс  қаласының  №4, №372 бастауыш мектеп мұғалімдерімен онлайн жүйесінде әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңеске 20 мұғалім қатысты.

Әдістемелік кеңестің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына тест тапсырмаларын құрастыру  барысында «Google forms» онлайн-сервисін тиімді қолдану, педагогтердің АКТ құзыреттіліктерін қалыптастыру.

Кеңес барысында қатысушыларға пәндік тестерді «Google forms» онлайн-сервисіне жүктеу және  тест тапсырмаларын тиімді ұсыну жолдарын үлгі ретінде бейнероликтен бір нұсқасын таныстырды. Талқылау кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне  төмендегідей сұрақтар берілді:

  1. «Google forms» онлайн-сервисінде қалай жұмыс жасауға болады?
  2. «Google Forms» көмегімен оқу үдерісін бақылау бойынша жұмысты қалай тиімді ұйымдастыруға болады?
  3. Кері байланысты уақытында қамтамасыз етуге мүмкіндік бар ма? т.б.

Кеңеске қатысушыларға «Google Forms» онлайн-сервисінде жұмыс жасау жолдары, осы арқылы оқу үдерісін бақылау, тест тапсырмаларын тиімді ұсыну, кері байланыс жасау, әр сабақ сайын тақырыпты меңгеру деңгейін бағалау жұмыстарын  тиімді ұйымдастыру бағытында әдістемелік кеңестер берілді.

Кеңес соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, өздерінің ойларымен бөлісті.

Нәтижесінде:

  • «Google Forms» көмегімен оқу қызметін бақылай алатыны;
  • мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі артатындығы;
  • мұғалімнің өз уақытысын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіні;
  • оқушылар тапсырмаларды өзіне ыңғайлы уақытта орындай алатыны туралы атап өтті.

   «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының тренері Г.О.Орынбасарова