Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

МАҚТААРАЛДЫҚ ӘРІПТЕСТЕРГЕ ҚОЛДАУ!

2020 жылдың 22 мамырда ZOOM online mobile қашықтықтан оқыту режимінде ұйымдастыруымен «Мектеп бітірушілерге бірер кеңес» тақырыбында Мақтаарал ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне қолдау көрсету және ҰБТ алдында оқу сауаттылығы бойынша оқушылардың жазба мәтіндерді түсінуі мен қолдануы, мәтін барысында ой-толғауы, жаңа білімді игеруі аясында жұмыс жүргізу әдістемесін арттыру мақсатында  онлайн пікірлесу шарасы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында институт тренерлері білімалушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың мақсатты бағытталған механизмдері мен  заманауи қоғамдағы өмірге деген дайындықтың маңызды бөлігі ретінде қарастырылатындығы жайлы     қарапайым оқу мәдениеті мен дағдыларын дамытуға бағыттау аясында таныстырылымдардың сүйемелдеуімен  мәтінмен жұмыс жасау барысында әдістемелік ұсынымдар берді.  

Бүгінгі күні өзекті болып табылатын іс шараға  Мақтаарал ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Тынысбай.Б.Ә  мен   мұғалімдері қызығушылықпен қатысып, кері байланыста ұсыныстар беріп, пікірлерін білдірді. Жалпы 38  педагог қатысты.

Іс-шара соңында Мақтааралдық әріптестеріміз оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттерінің тұлға үшін маңыздылығының жоғары екендігін тереңірек ұғынды.

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Ж.А.Арысбаева мен А.А.Жангабулова