Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Әдістемелік кеңес

2020 жылдың 21 мамырында «Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда шеберлік-сынып технологиясы» тақырыбында мектепке дейінгі мекеме педагогтеріне облыстық әдістемелік кеңес өткізілді. On-line режимінде ұйымдастырылған кеңеске 25-тен астам мектепке дейінгі мекеме педагогтері қатысты.

Әдістемелік кеңестің мақсаты: қашықтықтан оқыту жағдайында мектепке дейінгі мекеме балаларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мен дамытуда шебер-сынып технологиясын пайдалану үшін педагогтердің білімін тереңдету.

Кеңес жұмысында сабақты жоспарлауда басшылыққа алатын қағидаттар мен негізгі сұрақтар қарастырылды, жауаптары толықтай берілді. Балабақша тәрбиешілеріне ұйымдастырылған оқу қызметтерінің құрылымдарынан  үзінділер көрсетілді, жаңартылған бағдарламаға сәйкес балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолданатын тиімді инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізу жолдары бірлесе талқыланды. Әдістемелік кеңес нәтижесінде  қатысушылар тиімді мағлұматтар алғандарын және тәжірибелік деңгейде өткізілгенін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

«Білім беру процесін

педагогикалық – психологиялық сүйемелдеу»

кафедрасының аға оқытушысы