Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қашықтықтан оқыту курсы өткізілуде

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының 2020 жылғы оқу жоспарына сәйкес 25 мамырында    мектеп-интернат тәрбиешілеріне арналған «Интернаттық ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында қашықтықтан оқыту курсы өткізілуде.

Мақсаты: Қазақстан Республикасында білім беру мазмұнын өзектендіру контексінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде мектеп-интернаттарда педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Міндеттер:

— мектеп-интернаттардың қызметін реттейтін мемлекеттік саясаттың басымдықтарын білуін қамтамасыз ету;

— мектеп-интернаттарда оқыту мазмұнын жаңарту контексінде білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу ерекшеліктерін анықтау;

— мектеп-интернат жағдайында тәрбие жұмысының негізгі әдістері мен бағыттарын, құрылымын, арнайы мектеп-интернат жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыруға қойылатын заманауи талаптарды қарастыру;

Мұғалімдер оқуға белсене қатысып, жұмыс тәжірибесімен алмасты. Сабақта мұғалімдермен кері байланыс арқылы оқушылардың шығармашылық танымдық белсенділігін дамыту мүмкіндігі туралы толық мәліметтер берілді. Дәріс барысында курс тыңдаушылары оқу үдерісін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері туралы толық ақпарат алды.

 

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.Айдарбек Бәкіржан Әшірәліұлы