Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

2020 жылдың 26 мамырында «Өрлеу»  БАҰО АҚ  филиалы  Түркістан облысы  және Шымкент қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқу жоспарына сәйкес «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері»  пәндері  «Мұғалімдерінің  кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»  тақырыбында  өткізілген біліктілікт арттыру курсы тыңдаушыларының қатысуымен оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындау жөнінде онлайн жүесінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Мақсаты: аталған пән сабақтарында оқытудың зерттеу әдістерін қолданудың ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік негіздерін меңгерту арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру.

Міндеті: пән мұғалімдерінің оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуда қолданатын зерттеу әдістерін талдау және зерттеу тапсырмаларды әзірлеудің әдістемелік тәсілдерін үйрену.

Тыңдаушылар дөңгелек үстел барысында мұғалімнің негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың теориялық білімін өмірде қолдана білу және жеке жобалық жұмыстарды  орындау  қабілеттерін дамытудың маңызын  атап өтті.

 

 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру»

кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.Байназарова