Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін бесінші сыныптан оқытудың мазмұны мен әдістемесі»

Халықаралық тәжірибе контекстіндегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы заманауи тәсілдер. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде қазақстандық білім беру жүйесін дамыту мен модернизациялау бағытының жаңа бағыты айқындалды. Бұл бағалаудың жаңа стандарттарын әзірлеу және білім беру нәтижелеріне, білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау рәсімдеріне қойылатын талаптар туралы түсініктерді кеңейту. Осының бәрі жаңа ақпараттық-білім беру ортасын құру үшін қажет және білім алушылардың тұлғалық дамуына ықпал етеді.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ 2020 жылғы оқу жоспарына сәйкес 21 мамырында «Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін бесінші сыныптан оқытудың мазмұны мен әдістемесі» тақырыбындағы қазақ және орыс тілдерінде орта білім беру ұйымдарының информатика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы онлайн режимінде өткізілуде.
Тыңдаушылардың қатысуымен курс барысында «Ойлау біліктілігінің таксономиясы оқушылардың ойлауын дамыту құралы ретінде. Халықаралық тәжірибе контекстіндегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың қазіргі заманғы тәсілдері»  тақырыбында дәріс сабағы өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда заманауи тәсілдерді қолдану, олардың сыни ойлауын дамыту мәселелері бойынша тыңдаушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Міндеттері:

— Халықаралық тәжірибе контекстінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы қазіргі заманғы тәсілдерді түсіну.

— Критериалды бағалау тапсырмаларын жобалау кезінде Блум

қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Курс барысында дәрісті жүргізген «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Б.Сугирова информатика сабақтарында бағалау оқуды жетілдіру құралы болып табылатындығын, халықаралық тәжірибе контекстіндегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы заманауи тәсілдеріне толық тоқталып, критериалды бағалау тапсырмаларын жобалау кезінде Блум таксономиясы бойынша тыңдаушылардың қолдану дағдыларын қалыптастырды.

Жалпы онлайн түрінде оқыту сабақтары өзіндік ерекше мүмкіншіліктерімен мұғалімдердің өзіндік дербес кемелденуі және кәсіби құзыреттіліктерінің шыңдалуына көмегі тиетіні сөзсіз.

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Б.Сугирова