Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«ҰБТ-2020: өзгерістер мен мәселелер» тақырыбында вебинар өтті

2020 жылдың 22-мамырында    қазақ тілі мен  қазақ әдебиеті пән  мұғалімдеріне ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша өзгерістер мен  сұрақтарды  талқылау, қарастыру, әдістемелік көмек беру мақсатында «ҰБТ-2020: өзгерістер мен мәселелер» тақырыбында вебинар өткізілді.  Аталған іс-шараға аудан қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Вебинар барысында   келесідей тақырыптар мен сұрақтар талқыланды.

  • 2020 жылғы мектеп бітірушілері үшін қандай ерекшеліктер мен өзгерістер бар?
  • Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу үрдісі мен талаптары қандай?
  • ҰБТ дайындық жұмыстарын оқу сауаттылығы бойынша қашықтықтан оқыту  арқылы тиімді жүргізу мен дайындық жұмыстарының іске асырылуы.
  • Қиындық тудырып тұрған сұрақтар мен мәселелер.

Ордабасы ауданы  М.Х.Дулати атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пайзова Алия Балабековна  ҰБТ бойынша өзгерістер мен ерекшеліктері туралы айтып, өз ойымен бөлісті.    2020 жылдың ұлттық бірыңғай тестілеу ережесіне енгізілген өзгерістері мен карантин кезіндегі  сақтық шараларының маңыздылығына тоқталды.

     

Сонымен қатар мұғалімдер ҰБТ-да 11-сыныптың төртінші тоқсанында оқытылатын   бағдарламадан сұрақтар болмайтынын, заңсыз әрекеттерге баратын азаматтарға жазалау күшейтілгенін, оқу сауаттылығы бойынша тапсырмаларды орындаудағы  қиындық тудыратын сұрақтар мен кедергілер туралы талқыланды.

Вебинар нәтижесінде мұғалімдер ҰБТ бойынша өзгерістер мен өздерінің толғандыратын мәселелер бойынша жауаптар алып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 2019-2020  оқу жылында төтенше жағдайдың қиындығына қарамастан оқу жылын аяқтағандарын, ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы нәтиже көрсетуге атсалысатындарын айтып, ұйымдастырылған іс-шараға, көрсетілген әдістемелік көмек мен кеңестерге  алғыстарын айтып, кері байланыстар мен ұсыныстар берді.

      

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Бименова Меруерт Тилеубергеновна