Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Онлайн-кеңес берілді

2020 жылдың 25 мамырында білім мазмұнын жаңарту жағдайында ағылшын тілі пәнінен тапсырмаларды саралау жолдары бойынша кеңес беру мақсатында «Differentiation according to learning styles of learners in terms of the updated curriculum» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн-кеңес берілді.

Іс-шара барысында саралаудың: ресурс немесе мәтін бойынша саралау, тапсырма бойынша саралау, диалог негізінде саралау, оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау, қарым-қатынас формалары бойынша саралау  тәсілдерін талқылай келе, оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес саралау жолдары жайлы құнды кеңестер берілді.

Модератор ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне сәйкес саралау жолдары бірнеше топтарға біріктіру арқылы жүргізілетініне басты назар аударды. Жалпы оқушылар: визуал, аудиал, кинестет ретінде біріктіріліп, тапсырмаларды жүйелеуде аталған ерекшеліктер ескерілуі қажеттігіне ерекше тоқталып өтті.

Іс-шараға қатысқан ұстаздар өз пікірлерін білдіріп, аталған амалдардың қашықтан оқыту барысында тиімді іске асырылуын қолдады, өз сұрақтарына толық жауап алғанын айтып шын ықыласын білдірді.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының ғылым кандидаты Шойманова Молдир Балгабаевна