Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Тренерлік сағат

2020 жылдың 22-мамырында «Қашықтықтан оқыту жағдайында биология сабағында оқушылармен тиімді кері байланыс орнату жолдары» тақырыбында онлайн режимінде республикалық тренерлік сағат өткізілді. Тренерлік сағатты өткізудің ерекшелігі екі облыстың биология пәні мұғалімдеріне тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасалды. Сонымен бірге тренерлік сағатқа қосылған республиканың өзге пән мұғалімдері кері байланыстың түрлері, тиімді кері байланыс ұсынудың тәсілдері мен оны ұйымдастыру жолдарына байланысты ақпараттар алды. Тренерлік сағатты модераторлар – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ “Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу” кафедрасының аға оқытушысы Раймкулова Жанат Абдикалыковна мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның Алматы облысы бойынша ПҚБАИ “Инновациялық білім беру мен ақпараттық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы Картбаева Дариға Андреевна ұйымдастырды.

Тренерлік сағат нәтижесінде мұғалімдер  оқыту мен оқуды жетілдіру үшін кері байланыстың тиімділігі, тиімді кері байланыс орнатудың тәсілдері, оларды қолдану жолдары бойынша пікір алмасты.

         

 «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы

Раймкулова Жанат Абдикалыковна