Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Сайыс бойынша өзекті сұрақтар мен жауаптар

       

2020 жылдың  21 мамырында «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Р.Жұманова  «Заманауи тәжірибелік және зертханалық сабақтардың өзекті сұрақтары» тақырыбында жалпы орта мектептердің жаратылыстану пәндері мұғалімдері үшін 26.05.2020 ж. өтетін облыстық сырттай  байқауы бойынша түсініктеме жүргізу мақсатында Zoom қосымшасы арқылы қашықтықтан аудан/қалалық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерімен пікір алмасу конференциясын өткізді. Бұл іс-шара байқауға қатысатын мұғалімдердің сұранысы бойынша ұйымдастырылды. Конференцияға Төлеби, Ордабасы, Бәйдібек, Мақтарал, Қазығұрт ауданының әдіскерлері және Шымкент қаласындағы орта мектеп мұғалімдері, кафедра оқытушылары қатысты. Конференция барысында келесі сұрақтарға байланысты мәселелер талқыланды:

  1. Сандық зертханаларды зерттеу жұмыстарында тиімді пайдалану тәсілдері.
  2. Виртуалды демонстрациялық жұмыстар мен виртуалды зертханалардың айырмашылығы.
  3. Зерттеу жұмыстарының қадамдары,
  4. Қысқа мерзімді жоспарды бағалау өлшемдері.
  5. Бейнесабақты түсіру кезіндегі орындалатын талаптар, бейнесабақты бағалау қағидаттары және бейнесабақ бойынша аналитикалық талдауды жазу.
  6. Заманауи тәжірибелік және зертханалық сабақтарда қолданылатын белсенді әдістердің ерекшеліктері.
  7. Тәжірибелік және зертханалық сабақтарда құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану.

Конференция барысында қатысушылар қойылған сұрақтар бойынша толыққанды жауаптар алды, пікірталаста өз ойларын білдірді.

       

Жауаптар:

1.Сандық зертханаларды тиімді пайдаланудың бір тәсілі –     мультидатчиктерді пайдалану, яғни бір датчиктің көмегімен әртүрлі параметрлерді  бірмезгілде өлшеуге болады.

  1. Виртуальды демонстрациялар (көрсетілімдер) –химиялық үдерістердің өту шарттарын және белгілерін имитация жасайтын, визуальды эффектілер туғызатын, компьютерде динамикалық бейнелерді қайталайтын, компьютерлік бағдарлама. Мұндай бағдарлама оның жұмысын жүргізетін адамның алгоритмге араласуына мүмкіндік бермейді.

Виртуальды зертхана – компьютерде химиялық үдерістерді модельдейтін (үлгілейтін), оның шарттары мен жүргізу параметрлерін өзгертуге  мүмкіндік беретін компьютерлік бағдарлама. Мұндай бағдарлама интерактивті оқытуды іске асыру үшін ерекше жағдай жасайды

  1. Зерттеу жұмыстарының қадамдары.

1-Тапсырманы анықтау, 2- Ақпараттың орналасқан орнын анықтау, 3- Тиімді ресурстарды таңдау, 4-Ақпаратты ұйымдастыру, 5- Идеяларды ұсыну, 6- Дайын болған өнімді бағамдау

  1. Қысқа мерзімді жоспарды бағалау өлшемдері.

А) сабақтың мақсаттары оқу мақсаттарымен келісілген, сабақ мақсаттары пәннің ерекшеліктеріне бағдарланған, сабақ мақсаттары оқушылардың қажеттіліктерін  ескере отырып, SMART форматында құрастырылған болу керек;   Б) белсенді оқу әдістері  оқу мақсаттарына жетуге ықпал етеді; В) тапсырмалар оқушылардың қажеттіліктерін есепке алып сараланған; Г) бағалау критерийлері қолданылады,  бағалау оқу мақсаттарына сәйкес келеді,

  1. Бейнесабақты түсіру кезінде видеоның айқын көрінісі, видеокамераның статикалық жағдайда болуы, дыбыстың нақты, анық естілуі, сабаққа қатысы жоқ реактивтердің үстел үстінде болмауы т.б. жатады, бейнесабақ бойынша аналитикалық талдауда сабақтың өз мақсатына, нәтижеге жетуі, қолданылған әдістер, проблемалық ситациялар, оларды шешу жолдары көрсетілуі керек.
  2. Заманауи тәжірибелік және зертханалық сабақтардағы белсенді әдістерде оқушылардың барлығы өзіндік іс-әрекетпен айналысу қажет, сабақ барысында олардың сыни ойлауы, проблемаларды өз бетінше шеше білуі, коммуникативтік қарым-қатынасы, шығармашылық қабілетін және құрал-жабдықтармен жұмыс жасау дағдылары үздіксіз дамып отыруы қажет.
  3. Тәжірибелік және зертханалық сабақтарда құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану дегеніміз оқушылардың функционалдық суаттылығын арттыру, яғни олар мектепте алған білімін өиірлік іс-әрекетінде, тәжірибеде қолдана білу. Тапсырмалар өмірде кездесетін жағдаяттармен байланысты болу керек.

 «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының

аға оқытушысы Р.М. Жұманова