Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ауыл мектептерінің педагогтеріне әдістемелік кеңес

2020 жылдың  20 мамыры  күні  «Өрлеу» БАҰО»  акционерлік қоғамының  филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес   ауыл  мектептері жағдайында қашықтықтан оқытуда бастауыш сынып пәндері бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды құрастыру спецификациясының ерекшеліктерін талдау  және тәжірибе алмасу мақсаттарында  «Қашықтықтан оқытуда бастауыш сынып пәндері бойынша тоқсандық жиынтық бағалауды құрастыру» тақырыбында  әдістемелік кеңес өткізілді.

Кафедра аға оқытушылары бастауыш сынып пәндері тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары өтілген бөлімдер оқу мақсаттары негізінде әр бір оқушының қол жеткізуіне қарай   мұғалімдердің өздері  тапсырмаларды іріктеп құрастыратынына    толық ақпарат берді.
Қатысушылар бастауыш сынып пәндері бойынша тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларын талдап, оқу жылын қорытындылау  жұмыстары  бойынша ата-аналарға  кеңес беріп,   бір қатар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқаны туралы мәлімдеді.

Кері байланыста  бастауыш сынып мұғалімдері  бүгінгі қашықтықтан оқытудағы тоқсандық жиынтық бағалау туралы ақпараттардың маңыздылығын атап, WhatsApp желісінің тиімділігі бойынша ойларымен бөлісті.  Әдістемелік кеңеске 30 дан астам  бастауыш сынып педагогтері қатысты.

Б.С. Тулегенова, Л.А. Тастанова  —  «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары