Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Педагогтің кәсіби құзыреттілігі — білім сапасын көтерудің факторы»

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының 2020 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес педагог кәсібінің жоғары мәртебесін, құзыреттілігін қамтамасыз етуде заманауи білім беру кеңістігіндегі өзекті мәселелерді талқылау және жаһандық бәсекеге сай ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту, цифрландыру мақсатында «Педагогтің кәсіби құзыреттілігі — білім сапасын көтерудің факторы» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізетінін хабарлайды.
Облыстық ғылыми-практикалық онлайн-конференция жұмысына облыстық білім басқармасының өкілдері, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қызметкерлері, ЖОО профессор-оқытушылары, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.
Облыстық ғылыми-практикалық онлайн-конференция 2020 жылдың сәуір айының 30-жұлдызында сағат 14.30 (Нұр-Сұлтан уақытымен) www.online.ripkso.kz/uko бөлмесінде өтеді