Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Республикалық бейне-сабақтар байқауы

ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің тапсырмасы аясында «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қ. бойынша ПҚБАИ төртінші тоқсанда қашықтық форматында сабақ өткізу жағдайына байланысты орта білім берудің барлық пәндері бойынша Республикалық бейне-сабақтар байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты: қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту үшін білім беру технологиялары мен әдістерін қолдана отырып, орта білім берудегі ең үздік бейне сабақтарды таңдау.

Байқау 2 кезеңде өтеді:

— аймақтық кезең- 2020 жылдың 20 наурызынан 5 сәуіріне дейін;

— республикалық кезең – 2020 жылдың 6 сәуірінен 15 мамырға дейін.

Аталған байқауға Түркістан облысы және Шымкент қ. бойынша мектеп педагогтері қатыса алады.

Байқауды өткізу туралы ережемен сілтеме арқылы таныса аласыздар