Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оқу-тәрбие процесіндегі өлкетанудың рөлі

2020 жылдың 12-наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша  педагогикалық  қызметкерлердің  біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.Байназарова  «Мектептегі өлкетану жұмысын  ұйымдастыру және өткізу» курсның тыңдаушыларына шебер сынып ұйымдастырды. Шеберлік сыныптың тақырыбы: «Мұражай педагогикасын кіріктіру жас ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеу құралы ретінде».

Мақсаты:  білім алушыларға   мұражай  жұмысының күрделілігін ұғындыру, туған өлкенің тарихын деректер жүзінде зерделеуді, ескі  табиғи  және тарихи ескерткіштердің құндылығын оқушылармен бірлесе отырып  зерттеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ барысында тыңдаушылар орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектептегі өлкетану жұмысының негізі міндеттері, бағыттары мен қағидаларымен танысып, туған өлкенің мәдениеті мен тарихын оқытудың және насихаттаудың тиімді әдістерін үйреніп, тәрбие жұмысындағы шығармашылық, технологиялар мен белсенді тәсілдерді игеруге бағыт алды.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к. Б.Байназарова