Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуіне пікір

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап, ел азаматтарын Covid-19 коронавирусынан қорғау  үшін бір айға  төтенше жағдай енгізді.

«Бұл – уақытша дүрбелең. Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек! Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек» — деді Президент.

«Сабыр түбі — сары алтын», «Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа» деген халық даналығында сабырлылық адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет ретінде айқындалады. Сондықтан адам мінез-құлқына тән байыптылық пен ұстамдылықты білдіретін осы қасиеттен арылмайық.  «Біз ел-жұртты дүрліктіретін, арандататын әрекеттерге тыйым саламыз. Жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылады. Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар тек ресми мәліметтерге сүйеніп, жұмыс істеуі керек» — делінген Үндеуде. Осыны жадымызда сақтайық.

Індетке байланысты қандай шараларды қолға алу қажет, ең басты, бұл-санитарлық-гигиеналық шаралар, қоғамдық орындардың тазалығы, жеке гигиеналық шараларды сақтау. Бетпердені, жеке ыдыс-аяқтарды қолдану, қолыңызды жиі жуып, терінің антисептиктерін пайдалану, үйдің жиі терезелерін ашып, тазалап туру сияқты талаптарды орындайық.

Мүмкіндігінше, төтенше жағдайға байланысты көпшілік жиналатын орындардан, керек болса, туыстарымен байланыстан бас тартқан дұрыс. Егер сіз негізгі гигиеналық талаптарды сақтасаңыз, отбасы мүшелерінің жұқтыру қаупі төмендейді.

Осындай сақтану шараларына бар жауапкершілікпен қарайық! Аман болайық!

Айберова Г.К. —  курстан кейінгі сүйемелдеу және инновацияларды ендіру зертханасының меңгерушісі 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа үндеуіндегі айтылған тапсырмаларды әр Қазақстан азаматымын деген тұлға атсалысуына шақырамын. Қазағым  аман болсын!! Бұл індетпен еш адам ауырмасын, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, қауіпті індетпен күресуге халық болып ел болып бәрін жеңіуге міндеттіміз!!!

Айдарбек Б.Ә.- «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Бүкіл әлемде болып жатқан дағдарыстан шығу жолдары мен алдын ала сақтану шараларын айқындап көрсеткен маңызды Үндеуіне қолдау көрсетеміз. Бүкіл халықтық денсаулығын сақтау мақсатында әрқайсысымыз маңызды қадамдар жасап, қоғамға оң ықпал етуді өзімізден бастайық!

Абашева П.А. —  «Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық

сүйемелдеу» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.

Қасым Жомарт Кемелұлының бұл үндеуі халықтың әлеуетін ойлаған басшының саясаты. Бұл үндеу біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды, Мемлекет барлық міндеттемелерді орындайтынына тоқталып,  қажетті қор қалыптасқанын айтты! Азық түліктің жеткілікті екеніне назар салып, негізсіз қымбаттататын әрекеттерге тиым салды. Елді дүрліктіретін жалған ақпарат таратушылар жазаланатынын, бұқаралық ақпарат құралдары тек ресми мәліметтерге сүйеніп ақпарат беретінін нақтылады. Жаһандық кеселге қарсы тұру үшін күш-жігеріміздің мықты екенін, жұмыла жұмыс жасап, сақтық шараларын жасау керектігіне тоқталды.

Қазағым, елім, жұртым аман болайық! Бұл елге келген апат, барлығымыз жұмыла жұмыс жасайық!

Идирисбаева Р.У. — курстан кейінгі сүйемелдеу және инновацияларды ендіру зертханасының меңгерушісі