Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

CLIL бойынша тілдік квест

2020 жылы 04 наурызында  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан  облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жедел жоспарына сәйкес Келес ауданы №8 Т.Бегманова атындағы жом базасында  «CLIL бойынша тілдік квест» тақырыбында  тренинг  ұйымдастырылды.

Тренингтің мақсаты:  талдау арқылы ойлау дағдыларын дамыту және  тілдік құзыреттіліктерді жетілдіруге  бағыттау.

Ұйымдастырылған іс  шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚФ  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ қызметкері М.Мусаева, Шымкент қаласы №104 жом бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары Н.Шомадиева және 4-сыныптарға арналған Узбек тили оқулығының авторы  З.Аташикова және мектеп  мұғалімдері қатысты.

          Тренинг барысында «Сағат арқылы достасу», «Ассоциация»  жаттығулары өткізілді. Оқиға картасы кестесін пайдалану негізінде  синтездеу, ойлау дағдыларын дамыту, сонымен қатар мұғалімдердің тілдік құзыреттіліктерін дамыту мәселелері қарастырылды.

Нәтижесінде қатысушы мұғалімдердің құзыреттілігі дамып, CLIL  әдістемесін енгізуде  оқыту әдістері  мен тәсілдері  бойынша тәжірибе алмасу арқылы біліктіліктері  артты.