Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Жаңаша оқыту- жетістік көзі

2020 жылдың 24.02-06.03 аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ өткен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін ұйымдастырылған қысқамерзімді курс барысында тілдік дағдыларды дамытудағы әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау мақсатында «Қазақ  тілі және қазақ әдебиеті сабақтарында тілдік дағдыларды дамытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында топ тыңдаушылары өздерінің тиімді деп қолданатын әдіс-тәсілдері жайында өзара пікіралмасты.

 

Қорыта келе, топ жетекшісі  Г.Мырзатаева ХХІ ғасыр – білім мен біліктің, бәсекеге қабілеттілердің кезеңі және қай заманда да білім өзекті екенін, заман талабына сай білікті де білімді ұстаз ұжымның да алдында сыйлы, абыройлы болатындығын айтты. Балаға берілетін оқу сауатты, сындарлы, жүйелі  болса ғана елдің іргесі мықты болмақ. Демек, жаңа дәуірдің жаңа мұғалімі болу – мамандығын сүйетін жандардың басты міндеті екендігін әр мұғалім білуі тиіс.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен тұлғаны әлеуметтендіру»

кафедрасының  аға оқытушыcы Г.Мырзатаева