Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Робототехника негіздерінің курсы

2020 жылдың 24 ақпан мен 6 наурыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ информатика, математика, физика мұғалімдеріне арналған «Робототехника негіздері» бағдарламасы бойынша курс өткізілді.

Курс барысында облыс мұғалімдері робототехниканың даму тарихымен танысты, «Робот техникасының негіздері» тақырыбындағы материалды сәтті игерді, Lego Mindstorms Education EV3 және Arduino Uno R3 сияқты робототехника жиынтығын қолдана отырып, STEM ғылыми дағдыларын қалыптастырды және меңгерді.

Пән мұғалімдері  модельдейтін, бағдарламалаған, берілген траектория бойынша қозғалыс және тағы басқалар сияқты робот жобаларын құрастырды.

Мектептің пән мұғалімдері робототехника сабағын өткізуге қажетті ақпаратты алды. Робототехника оқушыларға алгебра, геометрия, информатика, электр және машина жасау, физика, дизайн және 3D модельдеу дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Оқыту бағдарламасында робототехниканы тиімді оқытуда оқушылардың әлеуетін толық ашуға және дамытуға мүмкіндік береді.

 

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен тұлғаны әлеуметтендіру»

кафедрасының  аға оқытушыcы Ақбердиева Қ.