Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ-2020»

Құрметті әріптестер!

Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы-2020» байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға шақырамыз!

Сіз өзіңіздің ең үздік дәріс, сабақтарыңызды, семинар, тәжірибелік/зертханалық жұмыстарыңызды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсына аласыз. Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі: мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары, қосымша білім берудегі заманауи технологиялар.

Кәсіби қызметінде инновациялық әдістерін еркін меңгерген пайдалануда жоғары нәтижелі педагогтер алдыңғы жылы өткен байқауда өз дәрежесін дәлелдеп шығып, дипломдар мен қаржылай сыйлықтарға иеленген болатын.

Құрметті әріптестер! Заман ағымына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған Түркістан облысы және Шымкент қаласының педагогтерін  байқауға қатысуға шақырамыз! Байқау ережелерімен филиалдың сайтында http://www.orleu-uko.kz танысуға болады.

Ұйымдастыру алқасы