Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Құттықтаймыз!

2020 жылдың 02 наурызында «Nur Otan» партиясының құрылғанына 21 жыл толуына орай «Nur Otan» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Алдыңғы қатарда жүрген бастауыш партия ұйымдарының белсенділерін Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Жиында білім саласында өнімді еңбек етіп жүрген «Өрлеу»БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директоры, п.ғ.д., профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызына аудандық «Nur Otan» партиясының төрағасы Ғ. Мәуленқұлов Елбасы бастамасымен іске асып жатқан партиялық  жобаларға  қосқан сүбелі үлесі үшін алғысын білдірді.

Құрметті  Лаура Тұрлыбекқызы! Марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз ел-жұрттың ықыласы мен әріптестеріңіздің құрметіне ие. Алдағы уақытта да терең біліміңіз бен мол тәжірибеңізді тәуелсіз жұртымыздың игілігі мен білім беру жолында жұмсай бергейсіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке, еңбегіңізге мол табыс тілейміз!

 

Баспасөз қызметі