Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫ»

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы  бойынша  ПҚБАИ  жедел жұмыс жоспарына сәйкес  2020 жылдың 27-ақпанында Шымкент қаласы Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған  «Өнер» мектеп-интернатында «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында  облыстық дөңгелек үстел  өткізілді.  Дөңгелек үстелдің   мақсаты   ардагер ұстаздардың   тәжірибесін насихаттау арқылы жас мамандарды ұжымдық ортаға бейімдеу.

Іс-шарада тәжірибелік құнды пікірлер ортаға салынды, тәрбиелік мәні бар  ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ұстаз жолы туралы    сұхбат орын алды.

Ардагер ұстаз Нұржамал Жаужүрекова ұстаздық жолдың  қызығы мен қиындығы қатар жүретін қасиетті жол,     білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, шәкірт жүрегіне жол табу әр мұғалім үшін үлкен бақыт екенін айтты.  Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»  деген философиялық ойларымен үйлестіре отырып,  табысты жаңашыл ұстаз тұлғасы туралы ой бөлісті.

Жас мамандар   «Ұстаздық қызмет – ұлы құрмет» деген  сөзге де, ұстаздық қызметке де құрметпен қарайтындарын жеткізді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша  жас маманды ұжымдық ортаға бейімдеудің тиімді жақтары бойынша ұсынымдар қабылданды.

 

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы  Бименова М.Т.