Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ғылыми-практикалық семинар

Кентау қаласы, М.Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп-лицейінің базасында «Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі реформалар: жаңартылған білім жəне көптілділік мəселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар  өтті.

Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жаңартылған білім мазмұнын оқу-тәрбие үдерісіне енгізу жолдарын қарастыру.

Семинарға ЕҚЫҰ (ОБСЕ) Саны аз ұлттар ісі жөніндегі жоғары комиссары Орталық Азиядағы білім жобасынан Т.Стоянова жəне Г.Саирова, «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы жəне Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ қызметкерлері,  Кентау қалалық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп директорлары мен мұғалімдері қатысты.

Іс-шара барысында жаратылыстану-математика циклі пәндерін мен ІТ-ді көп тілде игерту арқылы түлектердің Қазақстанда және халықаралық деңгейде табысты әлеуметтенуіне жағдай жасау мәселелері қарастырылды. Семинарда институт аға оқытушысы М.Мусаева «ҚР үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы негізінде көптілді және билингвальді білім беруді жүзеге асыру» тақырыбында баяндама оқыды.

Сонымен қатар, семинар аясында фасилитациялық сессия, шебер сыныптар ұйымдастырылды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы М.Мусаева