Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Республикалық онлайн-семинар: педагогикалық тәсілдер мен әдістердің тиімділігін бағалау

2020 жылдың 20 ақпанында  «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы  бойынша  ПҚБАИ  мен Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының  бірлескен  оқу мен оқытуда жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру, озық тәжірибені тарату мақсатында «Жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану» тақырыбында  республикалық он-лайн семинар өтті.

«Өрлеу» БАҰО»  АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ директорының инновациялық білім беру жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. М.Б.Ахтаев 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасындағы негізгі  басымдықтарын атап өтті.

Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталық директоры, ф.ғ.к., М.А.Медетбекова «Өрлеу» БАҰО»  АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ-мен бірлесе ұйымдастырылған іс-шараның   педагог қызметкерлердің шығармашылықпен жұмыс жасауда білім беру үдерісінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданумен шектеліп қана қоймай, оқыту мен сабақ берудің технологиялық деңгейін жоғары дәрежеге көтеруге мүмкіндік берілетіндігін нақтылады.

Шымкент қаласына қарасты №90 жалпы орта білім беретін мектептің директоры, тарих пәнінің мұғалімі, республикалық «Үздік педагог 2019» байқауының жеңімпазы-А.Ш. Орынбеков, өзінің халықаралық «Әлем мұғалімі» байқауына қатысуға жолдама алғаны туралы шығармашылық жұмысымен бөлісті.

Республикалық «Үздік педагог 2019» байқауының жеңімпазы Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Өтес жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Г.Қ. Нәдірова мен  Қызылорда облысы бойынша республикалық деңгейдегі «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы С.Ш. Құлжановалардың шығармашылық жұмыстарымен танысып, оқу үдерісіндегі  белсенді әдіс-тәсілдерді сабақта тиімді пайдалануға қатысты  тәжірибелермен  бөлісті. Семинарға қатысушыларға іс-шара соңында алғыс хат пен сертификаттар табысталды.

 

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» 

кафедрасының  аға оқытушысы М.Бименова, Ж.Нурлыбаева