Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Химия және биология пәндері мұғалімдерінің форумы өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 21-ақпанында  «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасы химия, биология пәндері мұғалімдеріне арналған  «Химия және биология сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық форум өткізді.

Жалпы орта білім беретін ұйымдардың химия және биология пәндері мұғалімдерінің сабақта оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың білім беру саласындағы  перспективаларын қарастыру және қиындықтарын талдау мақсатында өтілген форумға облыс, қала мектептерінен  әдіскерлер, 100-ден аса мұғалім қатысты.

Форум жұмысы барысында:

  • Білім беруде химия және биология пәндері сабақтарында оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың оқыту процесіндегі жетістіктерін анықтау;
  • Оқыту мен оқудағы қиындықтарды шешуді ғылыми-әдістемелік қолдау;
  • Оқытуда оқушылардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастырудың оқушының білім, біліктілігін дамытуға ықпал ететін тәсілдерін сараптау;
  • Мұғалімдердің өз тәжірибелеріндегі зерттеулерін, туындаған сауалдар, ой-пікірлерін әріптестері және тренерлер алдында талқылауы жүрді.

Форум  жұмысы 2 бағытта өтті:

  1. Пікірлесу алаңы: «Көзқарастар ағыны» (Менің ойымша…. Менің тәжірибемде.. Ұсынамын..).
  2. Шебер-сыныптар: «Бұл менің сабағым» (сабақта оқушының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруда ұсынатын жаңалықтар: әдіс-тәсіл).

Облыстық форумға қатысушылар өз іс-тәжірибелеріндегі жетістіктері мен сабақ беру барысында кездескен қиындықтары және оларды шешу жолдарын талқылады.

Осы шараға белсенді қатысқан барлық қатысушыларды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институты мадақтамамен  марапаттады.

    «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының  аға оқытушысы Р.М.Жуманова