Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Абай мен аударма әдебиеті

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының жұмыс  жоспарына сәйкес Сайрам ауданы, №31 Бәйдібек атындағы мектебі мен бірлесіп Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына  орай Абайды тануды жетілдіру мақсатымен 2020 жылдың 14 ақпан күні  «Абай мен аударма әдебиеті»  тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар үш бағытта ұйымдастырылды:

  • Қазақ тілі және қазақ әдебиеті;
  • Орыс тілі мен әдебиеті;
  • Ағылшын тілі мұғалімдері.

Кафедра  оқытушысы Р.Дауылбаева «Абай және бүгінгі ұрпақ» тақырыбында  құнды баяндама жасады.

Семинарда қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдері – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы Абай   шығармашығын негізге ала отырып ашық сабақтар көрсетті.    Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызды.

Сондықтан заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасау, ақынның мұрат-мақсаттарын бүгінгі жастарымыздың санасына сіңіру абыройлы борышымыз болмақ.

Семинарға облысымыздың аудан-қалаларынан 96 әдіскерлер мен пән мұғалімдері қатысты.Семинар қатысушылары іс шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын , пән мұғалімдерінің көп ізденгенін, келген мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге мүмкіндіктер туғызғанын ерекше атап өтті.

Семинар соңында белсенді қатысқан мектеп қызметкерлері алғыс хаттармен  марапатталды.

 

 «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Кужимова Ж.