Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Дінтану пәнін білім беру жүйесінде әлемдік және ұлттық мәдениеттің озық жетістіктерін таныту

2020 жылдың 14 ақпанында Түлкібас ауданы, Ә.Науаи атындағы жалпы орта мектеп базасында тарих және дінтану пәнінің мұғалімдерімен әлеуметтену үдерісінде жастардың рухани бітім-болмысын қалыптастыру мақсатында  «Дінтану пәнін білім беру жүйесінде оқыту арқылы жастарға әлемдік және ұлттық мәдениеттің озық жетістіктерін таныту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

      Дөңгелек үстел аясында Түлкібас аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.Уразбаев, А.Асқаров атындағы мектебінің мұғалімі А.Сурамисова және Шымкент қаласы  В. Терешкова атындағы №31 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Г.Арынбаева  өз ойларын ортаға салды.  Дөңгелек үстелге қатысушылар Зайырлылық және дінтану негіздері пәнінен біліктілікті арттыру курсынан өту мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Дөңгелек үстелді «Өрлеу» БАҰО АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБА институтының «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Б.Т. Матекова жүргізді.

        Пән мұғалімдері шеберліктерін дамыту мақсатында өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.

 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру»

кафедрасының аға оқытушысы Б.Матекова