Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Облыстық дөңгелек үстел

2020 жылғы 11 ақпанда Түркістан қаласы №27 ІТ мектеп-лицей базасында  «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ  Түркістан облысы бойынша Өкілдігі Ынтымақтастық келісім негізінде аудандық, қалалық білім бөлімдері басшылары және әдістемелік кабинет меңгерушілерімен   «Қазақстан Республикасында  білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттары» тақырыбында облыстық дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге филиал директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары  Ш.Ергешбаева, Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы М.Жанабаева, басқарманың баспасөз қызметкері П. Ерқасымқызы,  облыстық әдістемелік орталық  директорының м.у.а. А.Турсынбаев қатысты.

Мақсаты – ҚР  білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарын талқылау және жүзеге асыру.

Іс-шара барысында филиал директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары  Ш.Ергешбаева  білім беру сапасын жақсарту мәселелерін шешуге негізделген жаңа мемлекеттік бағдарламаның басым бағыттарына, бүгінгі таңда білім жүйесінің алдында тұрған жаңа мақсаттар мен міндеттерге тоқталып өтті.

 

Э.Менбаева — филиалдың Түркістан облысы бойынша өкілдік бөлімінің басшысы