Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Үздік педагог» атағын беру қағидаларының ерекшеліктері

12.02.2020 жылы №90 жалпы орта  білім  беретін мектебі базасында  Шымкент қаласының білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» ақционерлік қоғамының филиалы  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының   «Менеджмент және ақпараттық технологиялар»  кафедрасы қызметкерлері қатысуымен директордың әдістемелік орынбасарлары үшін «Үздік педагог» атағын  беру қағидаларының ерекшеліктері  тақырыбында  тәжірбиелік семинар болып өтті. Мақсаты: 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бекіткен «Үздік педагог-2019»  атағына ие болған және «Әлем мұғалімі»  байқауына жолдама алған №90 жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Арман Орынбековтың озық тәжірибесін тарату.

Семинарға қала мектептерінің 127 әдістемелік оқу орынбасарлары келіп, ой бөлісті. Семинар барысында  «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы  ҚР БЖҒМ нің 2015жылғы 16қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер  енгізу туралы таныстырылым жасады.  №90жалпы орта білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А. Орынбеков «Үздік педагог»  атағына  жетудегі шығармашылық бағыттары мен құнды идеяларынның туындауын, оның білім сапасын арттыруда мектеп  оқушылары үшін үлкен үлес екенін ескеріп өтті.

Семинарға келген әріптестер өте жоғары  деңгейде және тәжірибе алмасуда оң әсер алғандарын атап өтіп, алғыстарын білдірді.

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының

аға оқытушылары  Рахимжанова Г., Егембергенова М.