Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Әдістемелік көмек көрсетілді

2020 жылдың 11 қаңтарында Шымкент қаласы, №69 «Еркебұлан»  бөбекжай балабақшасының базасында мектепке дейінгі ұйым психологтарына, тәрбиешілеріне әдістемелік  көмек көрсетіліп кеңес берілді.

Мақсаты: танымдық әрекетпен қатар өмірдің барлық саласындағы белсенді,  танымдық белсенділігі дамыған, еркін және жан-жақты жетілген тұлғаны тәрбиелеу жолдары бойынша қатысушылардың білімдерін тереңдету.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде баланың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған.

Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі балалардың танымдық құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту жолдарын, оның теориясы мен әдістемесін меңгеруі тиіс. Сондай-ақ балаларды оқу қызметіне қызықтырып, баланың танымдық қажеттілігін сақтап, оны дамытуы және ғылымдардың негізін игеру үшін танымдық құралдармен қамтамасыз етуі тиіс, ол үшін танымдық іс-әрекеттің табиғатын біліп, оны бала бойында қалыптастырудың жағдайлары мен шарттарын білгені жөн.

Интитут аға оқытушыларының әдістемелік көмек көрсету барысында алдағы уақытта мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттілігін бағалайтын индикатор көрсеткіштері дайындалып және қолданыс тапса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық құзыреттіліктерін ойын арқылы дамыту тиімді болады деп тұжырым жасауға толық мүмкіндік барын анықтады.

 

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы А.Адилаева