Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Тарихи сананы жаңғыртуды жүзеге асыру

«Өрлеу» БАОҰ» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Мектепке дейінгі  тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушылары Шымкент қаласы,  В. Терешкова атындағы №31 тірек мектеп мұғалімдерімен бірігіп,  2019 жылдан бастап  ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Оқытушылардың  зерттеу жұмыстарының тақырыптары төмендегіше бекітілген: «Мәңгілік ел» идеясы негізінде тілдік пәндер арқылы оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттыру негіздемесі» (Ж.Махатаева, Ш.Оспанкулова, Л.Жанысбек, М.Шойманова ). «Тиімді оқытуда сабақ мақсатын дұрыс құрудың, белсенді оқуға көшірудің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы»  (Л.Медетова, Б. Токеев). «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыруда тарих пәні арқылы оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру жолдары» (Г.Қуанышбек, И.Ибрагим).

11.02.2020 жылы  кафедра қызметкерлері жоғарыда  белгіленген тақырыптары аясында   Елбасының «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруда  мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету мақсатында  «Ұлы даланың жеті қыры»: тарихи сананы жаңғыртуды білім беру мазмұны арқылы жүзеге асыру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Дөңгелек үстелде қаралған мәселелер:

  1. Ұлттық құндылықтарымыз бен жәдігерлерімізді қысқа мерзімді жоспарлауға кіріктіру жолдары.
  2. Оқу мақсаттарына сай тапсырмаларды дұрыс құрылымдау.

            Дөңгелек үстелді кафедраның аға оқытушысы Махатаева Жанар Иманқызы ашып, жүргізіп отырды. Қаралған мәселелер төңірегінде кафедра қызметкерлері мен мектеп директоры Найля Рапиховна Ширтаева, директордың әдістемелік оқу ісі жөніндегі орынбасыры  Арзыкулова Лазат Полатовна, оқу ісі орынбасарлары Арынбаева Гулмира Кураловна, Абдразахова Клара Жумахановна және мектептің пән мұғалімдері теориялық, практикалық тұрғыдағы құнды ойларын ортаға салды. Іс-шара соңында айтылған ойларды қорыта келе төмендегідей ұсыныстар қабылданды:

  • пән мұғалімдері қысқа мерзімді жоспарлауда ұлттық құндылықтарымызды мазмұнмен кіріктіре түзуді ескерсін;
  • кафедра қызметкерлері қысқа мерзімді жоспарлауда пән мұғалімдеріне үздіксіз кеңес бере отырып, нәтижесін жинақтасын;
  • кафедра қызметкерлері жұмыстың нәтижесінен нұсқаулық дайындасын.

 

«Мектепке дейінгі  тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының

аға оқытушысы Махатаева Жанар Имановна