Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі «Жандану әлемі»  жеке қорының  «Воля  —  есть драгоценнейшая победа» тақырыбында 2020 жылдың 20-22 наурыз аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өтетін ізгілікті педагогика бойынша XIX халықаралық педагогикалық оқуларға дайындық басталғанын хабарлайды.

Педагогикалық оқулардың басты миссиясы – әлемдегі білім берудің және тәрбиенің , мұғалімнің, ата-ананың рөлімен байланысты заманымыздың маңызды мәселелерін түсіну. Іс-шараға педагог-новатор, психология ғылымдарының докторы, Ресей білім беру академиясының академигі, «Ізгілікті педагогика халықаралық орталығы» қауымдастығының президенті,  профессор  Шалва Амонашвили, Қазақстандық ізгілікті  педагогика орталығының жетекшісі, қоғам қайраткері Алия Назарбаева және Латвия, Белоруссия, Ресей, Эстония, Литва, Украина және Қазақстанның педагог-ғалымдары мен психологтары  қатысады.

Өтінім қабылдау уақыты 20 ақпанға дейін жалғасады.

Қатысу үшін  2020 жылдың 20-ақпанына дейін сауалнаманы толтырып kz.almaty2020@mail.ru  электронды поштаға жолдауларыңызды сұраймыз.

Толығырақ ⤵