Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Бас маман орнына конкурс жарияланды

«Түркістан облысы бойынша Өкілдігі»   

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 «Түркістан облысы бойынша Өкілдігі» бөлімі

бас маманы орнына  бос лауазымына орналасу үшін

конкурс жариялайды (1 бірлік).

Біліктілік талаптары

  • Жоғары білім.
  • Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық немесе жоғары кәсіптік білім және білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес.
  • Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Ғылым туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы” Заңдарын, мамандануға сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілерін, еңбек заңнамасын, еңбекті қорғау, техника және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды. Дербес компьютерде жұмыс істеу және ақпаратты өңдеу дағдыларын меңгеру.

Лауазымдық міндеттері

  • Өз қызметінің бағыттары бойынша жұмысты ұйымдастыру.
  • Филиалды білім беруді дамытудың басым бағыттары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.
  • Онлайн семинарларды, конференцияларды техникалық қамтамасыз ету
  • Білім бағдарламаларын әзірлеу және олардың мазмұнын жаңарту бойынша жұмысқа қатысу.
  • Әр түрлі деңгейдегі курсаралық шараларды ұйымдастыруға қатысу.
  • Өз қызметінің бағыттары бойынша бөлім бастығына әр тоқсан сайын аналитикалық есептер ұсыну.
  • Өз қызметінің бағыттары бойынша құжаттарды уақытылы жүргізу.
  • Өзінің лауазымдық өкілеттігі шегінде берілген тікелей бастығының басқа да тапсырмаларын орындау.
  • Өз қызметінің бағыттары бойынша жұмысты диагностикалау, болжау, жоспарлау бойынша қажетті құжаттарды әзірлеу және оларды ұйымдастыру.
  • Тіркелген мекен-жайының, нақты тұрғылықты мекен-жайының, пошта мекен-жайының өзгергені және төлқұжат пен басқа да жеке мәліметтерінің ауысқаны туралы ақпаратты өзгеріс енген күннен бастап үш күндік мерзімінің ішінде қызметкерлермен жұмыс және құжаттық қамтамасыз ету бөліміне хабарлау.
  • Педагогтың және маманның қоғамдық жағдайына сәйкес этикалық мінез-құлық ережесін сақтау.
  • Еңбек және атқарушылық тәртіпті, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Жеке қасиеттері

  • Көпшіл.
  • Жауаптылық.
  • Командада және көптапсырма режимінде жұмыс істей білу.

Тапсырылатын құжаттар тізбесі

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар әкімшілік – ұйымдастырушылық мәселелер жөніндегі басқарманың кадр мәселелері жөніндегі бас маманына электронды түрде (құжаттардың сканерленген көшірмелерін) немесе көрсетілген құжаттардың көшірмелерін жеке өзі тапсырады:

  • конкурстық комиссия Төрағасының атына өтініш (сілтеме);
  • түсті фотосуреттегі түйіндеме (сілтеме);
  • кадрларды есепке алу бойынша жеке парағы;
  • фотосурет (формат 3*4) немесе оның электронды форматы;
  • жеке басын куәләндыратын құжат (ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер үшін – ықтиярхат);
  • қажетті кәсіби білімін, жұмыс өтілін және біліктілігін растайтын құжаттар (жоғары білімі туралы, біліктілікті арттырғандығы туралы, ғылыми дәреженің берілгендігі туралықұжаттардың  көшірмелері, жергілікті жері бойынша кадр қызметтерінде немесе нотариуста куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмелері.

Ескертпе: құжаттардың көшірмелерін үміткер жеке тапсырған жағдайда көшірмелерді растау талап етілмейді.

  • алдын ала медициналық тексерістен өткендігі туралы анықтама (086Н);
  • қылмыстық құқық бұзушылық және жемқорлық құқық бұзушылықты жасағандығы туралы мәліметттердің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама;
  • әскери міндеттілер әскери есепке қойылуын растайтын құжатты тапсырады.
    Конкурсқа келген бойда жоғарыда көрстілген құжаттардың түпнұсқалары тапсырылады.

Қажет жағдайда конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне және кәсіптік деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты тапсырады.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2020 жылғы 18 ақпанға дейін мына мекенжай бойынша қабылданады:
Қазақстан Республикасы,
Шымкент қ., Дулати к.,201,  20 каб. немесе: uko@orleu-edu.kz эл.почтасы

Анықтама үшін телефон: +7 /7252/ 392758 кадр бөлімі.

Үміткердің құжаттарды уақтылы емес немесе толық емес тапсыруы конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады.