Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Оn-line режиміндегі ашық сабақ

    IMG_8437«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБА институтының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 18 мамырында «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Бекболаева Гулнюра Ашимовна «Сыныптың тәрбие жүйесін құру мен модельдеу арқылы тәрбие үдерісін жетілдіру» тақырыбында қашықтықтан on-line режимінде ашық сабақ өткізді. Оn-line режимінде сабақты ұйымдастырудағы мақсатымыз, сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешенін жасау.

 Сабақта тәрбие жүйесінің қалыптасып, дамуындағы 4 кезеңге басты назар аударылды:

1-кезең–жүйені жобалау — бұл кезеңде сынып оқушыларының қызығушылығын, қабілетін, мінез-құлқын, т.б ерекшеліктерін зерттеу жұмысы атқарылады);

2 кезең–жүйенің қалыптасуы — бұл кезеңде оқушылардың өзара қарым-қатынастарының қалыптасып, ұжымдық бірлікті сезінуіне бағытталған бірлескен әрекеттерге ерекше мән беріледі, сыныптың жеке дәстүрлері қалыптасады.

3 кезең-жүйенің тұрақты жұмыс істеуі (өзіндік бастаманы, өз бетімен әрекет етуді дамыту, қабілеттерінің дамуына қолайлы орта қалыптастырылады);

4 кезең–жүйе жұмысын аяқтау немесе  қайта жаңарту (бұл жерде екі бағыт болуы мүмкін: бірі сыныптағы ең үздік әрекеттің, әдістің барлық мектептің игілігіне айналуы; екіншісі – жаңа әдіс, әрекет, тәсілдерді табу арқылы сыныптың тіршілік-әрекетін жаңарту).

IMG_8431  Сабақ өте қызықты өтті, топтық тапсырмалармен жұмыстар жүргізіліп қатысушылар белсенді жұмыстар жүргізілді. Оn-line сабаққа Мақтарал, Шардара, Шымкент, Түркістан, Төлеби, Отырар аудан мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері (жалпы 25 мүғалім) қатысып,  тақырып төңірегінде сұрақтар қойылды: Тәрбие жүйесін құру барысындағы негізгі қағидаларын атап беріңіз? Сыныптың тәрбие жүйесін құру мен модельдеуге қойылатын талаптар қандай?  деген сұрақтары тікелей чат блогында жарияланып, жауаптар тікелей он-лайн режимінде берілді.