Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Әдеби сайыс өткізілді

22.01. 2020 жылы филиалда Әлемдік тұлға, ұшан-теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай және «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында  биыл жыл кітабы ретінде таңдалған М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясына арналған  «Абайды білмек керек ойлы жасқа» атты әдеби сайыс өткізілді.

Сайысқа кафедра оқытушыларынан құралған 5 команда қатысып, 3 кезең бойынша сынға түсті:

І кезең: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу;

ІІ кезең: әдеби-лото «М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясының кейіпкерлері»;

ІІІ кезең:  «Абайды білмек керек ойлы жасқа»  ұлы ақынның өмір жолы мен  шығармашылығы және «Абай жолы» роман-эпопеясына қатысты сұрақ- жауап.

Сайысқа барлық командалар үлкен дайындықпен келген. Әділ қазылар алқасының шешімі бойынша  І орынды «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының командасы иеленді. Барлық қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз!

 

Сейтказиева З.С. – институт кітапханасының меңгерушісі