Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

«Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы»

2020 жылдың 21 қаңтарында «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жоспары және Абай Құ­нан­­байұлының 175 жылдық мерейтойы мерекесі аясында «Абай мұрасы — қазақтың ең қасиетті қазынасы» атты тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды.

Мақсаты: Абай мұраларын дәріптеуге, өнегелі өмірімен танысып, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттау, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамыту. Кеш барысында Қасым Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы туралы видеоролик көрсетілді.

Аға оқытушылар Б. Токеев пен Қ. Сағынтаев «Ардақтар Абай мұрасы» және «Ақындық жолы…» арнау өлеңдерін оқыды. Институт қызметкерлері Л.Кенжеходжаева, Г.Мырзатаева және Г.Жорабекова  Абайдың өлеңдерін оқыды.

Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кешіміз «Желсіз түнде жарық ай» «Көзімнің қарасы» әнімен жалғасын тапты.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының

аға оқытушысы А. Естемирова