Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдығы туралы

Білім тек өмір сүру үшін ғана емес: ол тіршілік үшін, өмірді толық және мәнді сүру үшін қажет. Білімнің тиімді жұмысқа орналасу үшін қажеттігінде  тұрған ешқандай жамандық жоқ, бірақ білімдіның өмірі тіршілікпен, пайдалы жұмыспен шұғылдануымен ғана шектелмейді. Адамзат дамуының қазіргі кезеңінде жаһандық мәселелер  өмірдің барлық деңгейлерінде түрлі дағдарыстарға тірелді. Осының бәрі адамзатқа дамудың жаңа жолын іздестіруді талап етіп отыр.

2020 жылдың 21 қаңтарында Ордабасы ауданы Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинардың мақсаты: қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім берудің басымдығының мәнін ашу, адамзаттың өмірінде пайда болған жаһандық мәселелерінің басты себептерін анықтау, адамзаттың негізгі дағдарыстардан шығу жолдарын белгілеу.

Семинар барысында қатысушылар өркениеттің қазіргі дамуының басты қарама-қайшылықтары туралы бүкіл әлемді қамтыған дағдарыстар түрлерін қарастырды. Қазіргі әлемдегі адамзаттың өмір сүру мәселелері тұрғысынан жаһандық мәселелері зерттелді. Адамзат әлемнің  бүтін бір отбасының  мүшесі екендінін ұғындыратын шынайы білімнің қажеттілігін айқындалды.

 

«Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеу» кафедрасының аға оқытушысы З.Турсынбаева