Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі Қазақстанның рөлі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында әлемді соғыс қатерінен арылтатын және оның себептерін жоя­тын «Жаһандық стратегиялық бастама-2045» жоспарын әзірлеуді ұсынды. Мұндағы мақсат – адамзат дамуы үшін ортақ жауапкершілікті орнықтыру. Халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы тұра алатын бірыңғай әлемдік желі құру мәселесі де көтерілді.

Қазақстан барлық түрдегі терро­ризм­­ді қатаң айыптайды және аталған жағым­сыз құбылыспен күресте әлемдік қауымдастықтың ұжымдық күш қосуын қолдайды. Мемлекетіміз терроризммен күрес туралы барша 13 халықаралық әмбебап конвенцияларға қосылған. Әлемдегі экстремизм мен терроризмге қарсы күреске белсенді түрде қатысып келеді. Қазір елімізде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарлама жүзеге асырылуда.

2020 жылдың 20 қаңтар күні «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасы дөңгелек үстел ұйымдастырды.  Аға оқытушы Қ.Сағынтаев «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестегі Қазақстанның рөлі» тақырыбында баяндама жасады. Видеобейне арқылы терроризмнің қоғам үшін қауіптілік деңгейі мен терроризмнің себеп салдарлары, Қазақстанда орын алған террористік оқиғаларға және терроризм мен экстремизмнің шығу тарихы мен оның негізгі белгілері көрсетілді.

       Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. Б.Айдарбек терроризмнің кез келген қоғам үшін өте қауіпті екендігін айтып, терроризмнің шығу және туындау себептері мен оның алдын алу жолдарына тоқталып, қай кезде де терроризмнен сақ болу керектігіне байланысты өз ойларын ортаға салды. Аға оқытушы Б.Төкеев  бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуына бір кісідей атсалысқанымыз тиіс екендігіне, бірлігіміз бекем, тәуелсіздігіміз баянды болуы үшін терроризмнің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударды.

Қазіргі таңда  Қазақстанда исламның атын жамылып, халықты түрлі бағыттарға бөліп жүрген ағымдар мен қозғалыстардың  кең қанат жаю себептеріне, Қазақстанды жайлап бара жатқан ислами ағымдарға және  тиым салынған террористік  партияларға, олардың мақсаттары мен іске асырған террористік актілеріне, әрбір мемлекет пен сол мемлекеттің  азаматы қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс екендігіне тоқталды.

Жалпы террордың ұлты да, діні де жоқ. Ал терроризм мен экстремизмнің алдын алып, діни сауаттылықты насихаттаған осындай игілікті істерді бүкіл ел жаппай қолға алса, адамзатқа қауіп төндірер экстремизм мен терроризмнің алдын алуға болатындығын естен шығармайық.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушы Қ.Сағынтаев