Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Елбасы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр.  Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Біздің ұжымда үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары өткізіліп тұрады. 2020 жылдың 17 қаңтар күні «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу!» тақырыбындағы дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.  Аға оқытушы Қ.Сағынтаев сыбайлас жемқорлық қоғам үшін қауіптілік деңгейі мен олардың шығу мен пайда болуының себеп салдарларын атап, арнайы көрсетілімдер көрсету арқылы баяндама жасады. Баяндамада  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырырылып жатқанын, әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет кездесетінін, сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет екенін айтып өтті.

          Институттың ғылыми-инновациялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., М.Ахтаев,  кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., Б.Айдарбек сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  жүйелі жұмыс жасау барысында өз үлестерін қосып, қоғам болып ат салысуымыз  керек екенін айрықша айтып өтті.

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және тұлғаны әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушы Қ.Сағынтаев