Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ақпараттық сағат өткізілді

Институт кітапханасында  Ел тарихында ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жазба  əдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы ретінде өшпес із қалдырған хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайды білмек керек ойлы жанға»  атты ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шара  ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы өзекті ойлар мен   мерейтой аясында атқарылатын маңызды жобаларды талқылаудан бастау алды.

Нағыз Абайды, ақын Абайды тану үшін оның өлеңдері мен қара сөздерінде айтылған ой-тұжырымдардың мән-маңызына үңілуіміз керектігін басшылыққа ала отырып, кітапхана қорындағы Абай мұраларына шолу жасалды.

Ұсынылған Абай шығармаларының, М.Әуезовтің екі кітаптан тұратын «Абай»  (1942, 1947), оның  жалғасы болып табылатын «Абай жолы» (бұл да екі кітаптан тұратын) 1952,1956) романдарының алғашқы басылымдары институт қызметкерлерінің ерекше қызығушылығын тудырды.

Шара соңында пікір білдірушілер Абай мұрасының біздің дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық екендігін және  ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды биіктерге жетелейтінін баса айтты.

Сейтказиева З.С. – институт кітапханасының меңгерушісі