Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Білім беруді дамытудың жаңа бағдарламасы

2020 жылдың 13 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Менеджмент және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫМЕН танысты. Бағдарламадағы келесі маңызды бөлімдерге тоқталды:

  • барлық білім беру деңгейіндегі ұйымдардың педагогтері білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету бойынша педагогикалық шеберлікті жетілдіруге мүмкіндік беретін аудиториялық және қашықтықтан оқыту нысанында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылады;
  • курстан кейінгі жүйелі сүйемелдеуді, оқыту практикасын одан әрі өзгертуді және жетілдіруді көздейтін үздіксіз кәсіби дамуды қамтамасыз ету жағына педагогтердің біліктілігін арттыру тәсілі өзгереді;

  • біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да құзыреттердің оңтайлы арақатынасын қамтитын болады;
  • курстардың бағдарламалары педагогтің алған білімдері мен дағдыларын педагогикалық ұжымда каскадтық таратуды қамтамасыз етуге арналған компоненттен тұратын болады;
  • курс бағдарламаларының сапалы мазмұны білім алушылар білімдерінің сапалы өсуіне ықпал ететінідігі және бұдан басқа, біліктілікті арттыру жүйесі ваучерлік жүйе негізінде курс провайдерін таңдау мүмкіндігін көздейді;

          Осы іс-шарада алдағы уақыттарда филиалда ұйымдастырылатын қысқамерзімді курстардың мазмұнын жетілдіруде Бағдарламадағы пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да құзыреттерге басымдық берілетіндігі талқыланды.

Біліктілік арттыру курсынан өткен әрбір тыңдаушы білім беру ұйымдарындағы әріптестеріне каскадтық тәртіппен педагогикалық ұжымда тәжірибе алмасу үдерісін мектеп әкімшілігі тарапынан жүйелі өткізілуін қадағалану қажеттілігі кафедра оқытушылар тарапынан ұсыныс жасалды.