Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымыз

Ұлы Абай әрқашан ұлттың өркендеуін тіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында  Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл мерейтойын халқымыздың ой-өрісін кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде, ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру арқылы өткізуді атап өтті.

Осы орайда,  2020 жылдың 13 қаңтар күні «Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушылары мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласымен әріптесіміз Ж.Кужимова таныстырды.

Биыл Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізілетін «Абай мұрасы және әлемдік руханият» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ең басты шараға айналады.

       Талқылаудың соңында Ж.Кужимова әріптесіміз С.Жолшыбековаға Абай өлеңдерін оқуға эстафетасын ұсынды. С.Жолшыбекова ғұлама Абайдың «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін мәнерлеп оқыды да, кезекті эстафетаны аға оқытушы С.Шитыбаевқа ұсынды. Талқылау мазмұнды әрі құнды өтті.

Абай қазақтың әр баласын ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Оның мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан, азаматтарымыздың көзі ашық болсын десек, Абайды оқудан, ақын өлеңін жаттаудан жалықпаған жөн.

 

«Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар»